Украинаның Днепропетровск облысы Никопольск қалалық кеңесінің депутаты отырыс кезінде оқ атты, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі жергілікті NikopolNews.net порталына cілтеме жасап.
Басылымның хабарлауынша, қалалық кеңестің депутаттары күн тәртібін талқылап жатқан кезде трибунаға «Оң сектор»-дың өкілдері келіп, жанжал шығарған.
Куәгерлердің айтуынша, олар депутат Александр Рыбаковтың басына айран толтырылған пакет кигізіп, ал қала мэрі Андрей Фисакқа «зеленка» (жараға жағылатын жасыл дәрі – автор) шашқан.
«Осы жағдайдан екі рет атыс дыбысы естілген. Куәгерлердің айтуынша, бірінші оқ төбеге, ал екіншісі активистерге қарай бағытталған», - деп жазады басылым.
NikopolNews порталының хабарлауынша, жиналыс залында оқ атқан депутат Александр Рыбаков. Атыс салдарынан ешкім зардап шекпеген.
Айта кетейік, Украина президенті Пётр Порошенко осы жылдың наурыз айында депутаттарға Жоғарғы Радаға, президент әкімшілігіне және министрлер кабинетіне қару әкелуге тыйым салған.
Дереккөз: Baq.kz