Атырау, 18 желтоқсан 13:36
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 514.31
€ 603.03
₽ 6.40

Ақша табу картасы

3 089 рет қаралды


Атырау облысында «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы аясында өтеусіз мемлекеттік гранттар ұсыну жөніндегі ашық конкурсқа қатысуға құжаттар қабылданып жатыр.

- Бұған 29 жасқа дейінгі кәсіпкерлер мен бизнесін бастағанына 3 жылдан аспаған кез келген жастағы кәсіпкерлер құжаттарын тапсыра алады. Ал әйелдер мен үшінші топтағы мүгедектерге жас ерекшеліктеріне және бизнес мерзіміне қатысты шектеулер қолданылмайды, - дейді облыстық кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасының бас маманы Кәмшат МАҚСОТ. - Бірақ міндетті шарт - инновациялық бизнес-жоба болуы тиіс. Ұсынылатын грант сомасы 3 миллион теңгеге дейін, ал үміткердің ағымдағы шотында ұсынылған соманың кемінде 10 пайызы болуы тиіс. Шотта мұндай сома болмаған жағдайда, ол өзінің жылжымалы және / немесе жылжымайтын мүлігінің бағалау құнын растайтын құжатты ұсынуы тиіс. 

Өтінім беру және кеңес алу үшін тұрғылықты мекенжайыңыз бойынша аудандық және қалалық кәсіпкерлік бөлімдеріне жүгініңіз - олардың мекенжайлары мен телефон нөмірлерін интернеттен табуға болады. Құжаттарды қабылдау 20 сәуірде басталды және 20 мамырға дейін жалғасады.

 Нұргүл ХАЙРУЛЛИНА


4 мамыр 2018, 16:37

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.