Атырау, 30 қараша 00:33
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -3
$ 511.22
€ 540.05
₽ 4.73

​Туристерге танымал шипажайларда қызылша мен безгек ауруларының тарап жатқаны ескертілді

2 526 просмотра


Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы мен СDC деректері бойынша Румыния, Грекия, Индонезия, Англия, Италия, Украина, Конго, Сербия, Филиппин елдерінде қызылша ауруының тарап жатқандығы тіркелген, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі cdc.gov сілтеме жасап.

Аталмыш елдерге саяхаттайтын туристерге қызылшаға қарсы екпе ектіру ұсынылады. Сонымен қатар, Нигериялық ауруларды бақылау орталығы елде сары безгектің таралуының жалғасып жатқандығын хабарлады. Сондықтан Нигерияға баратын туристер сары безгекке қарсы екпе ектіруі қажет. 

Сондай-ақ Нигерияда Ласса безгегінің таралуы туралы ақпарат та бар. Аталмыш аурудың белгілері бар туристер тез арада медициналық көмекке жүгінуі қажет. Бразилиялық денсаулық сақтау саласының қызметкерлері Венсеслау-Гимарайнс қаласында безгек ауруының таралып жатқандығы турасында мәлімдеді. Онда дерттті масалар жұқтыруы мүмкін. Сондықтан туристерге безгекке қарсы дәрі-дәрмектер ішу керектігі ұсынылады. Безгек масаның шағуы арқылы жұғады. Сондықтан мынадай, атап айтқанда, жәндіктерден қорғайтын құралдарды пайдалану, желдеткіші бар бөлмеде ұйықтау, далаға шыққанда қорғанышы бар киім кию сынды кеңестерді ұмытпаған жөн. 

Сондай-ақ, Бразилияда атап айтқанда, Рио-де-Жанейро, Минас-Жерайс  және Сан-Паулу штаттары мен Сан-Паулу қаласында сары безгек ауруы ірі көлемде тарап жатыр. 

Сондықтан аталмыш елге баратын туристер 10 күн бұрын сары безгекке қарсы екпе ектіруі қажет. Екпе ектірмеген туристердің жоғарыда аталған аймақтарға бармағаны жөн.

Дереккөз: inform.kz

4 мамыр 2018, 14:31

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.