АҚШ Президенті Дональд Трамп Пентагонға Оңтүстік Кореядағы америкалық әскер санын қысқарту мүмкіндігін қарастыру жайынында тапсырма берді.
New York Times-ке сілтеме жасаған Reuters қос Корея арасындағы келісімдер осындай қадамға баруға негіз дегенді алға тартады. Қашан және қаншаға қысқаратыны әлі белгісіз. Бірақ әскерді біржола алып кету туралы сөз қозғалмаған. Кейбір басылымдар мұның алыпқашпа әңгіме екенін алға тартады. Бір сеңнің қозғалғаны анық. Ол неге қатысты екені де әлі жұмбақ.
Дереккөз: 24.kz