Атырау, 30 қараша 00:41
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -3
$ 511.22
€ 540.05
₽ 4.73

Ресей ақпарат министрі: Енді Viber де бұғатталуы мүмкін

1 709 просмотра

Николай Никифоров, Ресей ақпарат және бұқаралық коммуникация министрі.
Ресей ақпарат және бұқаралық коммуникация министрі Николай Никифоров Viber мессенджері егер Федералдық қауіпсіздік қызметіне (ФСБ) қолданушылар хат-хабарын шифрлау кілтін бермесе, Telegram мессенджері сияқты бұғатталуы мүмкін екенін мәлімдеді.

ТАСС агенттігінің хабарлауынша, Никифоров Viber-ді бұғаттауды ФСб-нің мәселесі деп біледі. "Егер ФСБ шифрлау кілтін ала алмаса, онда сотқа жүгінуі, осыған ұқсас (Telegram-ға қатысты жағдайды айтады - ред.) сот шешімі шығуы мүмкін" деді Никифоров.

Министр бұған қоса Роскомнадзор басшысы Александр Жаровтың отставкаға кетуі мүмкін деген ақпаратқа қатысты комментарий бермейтінін мәлімдеді.

Мәскеу соты сәуір айының ортасында Telegram мессенджерін Ресей арнайы қызметіне қолданушылар жазысқан хат-хабарды шифрлеу кілтін бермегені үшін бұғаттап тастаған. Роскомнодзор мессенджерге кіруді шектеу үшін 20 миллион IP-адресті бұғаттаған. Бірақ көптеген қолданушыда Telegram жұмыс істеп тұр.

30 сәуірде Мәскеуде "Еркін инетрнет үшін" деп аталатын мыңдаған адам қатысқан министг өткен. "Левада-центр" ұйымы жүргізген сауалнама бойынша, ресейліктердің 31 пайызы ғана мессенджерде жазысқан жеке хат-хабары құқық қорғау органдарының сұрауы бойынша биліктің қолына берілгенін қолдамайды.

Дереккөз: azattyq.org

4 мамыр 2018, 09:58

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.