Атырау, 30 қараша 00:43
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -3
$ 511.22
€ 540.05
₽ 4.73

Путинді ұлықтау рәсімі 7 мамырда өтеді

1 868 просмотра


Ресей президенті Владимир Путинді салтанатты ұлықтау рәсімінде әдеттегідей Мәскеу ішінде кортежбен жүру болмауы мүмкін, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі lenta.ru сайтына сілтеме жасап.

Сонымен қатар, ұлықтаудың соңғы сценарийі әлі бекітілмегені аталып өтті. Салтанатты рәсім бағдарламасын жақын арада үйлестіру жоспарланып отыр.

Бұрынғы ұлықтау рәсімдерінде, Путин автокөлікпен Кремльге дейін Ресей Федерациясының Федералдық қауіпсіздік қызметі мотоциклшілердің құрметті эскортының сүйемелдеуімен жүретін.

Бұған дейін, 18 сәуірде РФ Президенті «Кортеж» жобасында автокөлікпен жүретіні туралы хабарланған болатын.

Жоба аясында жасақталған бірнеше лимузин, седан мен минивэндер Ресей Федерациясының Федералдық қауіпсіздік қызметіне қауіпсіздік автокөлігі ретінде тапсырылған.

РФ президентінің ұлықтау рәсімі 7 мамырға жоспарланып отыр.

Дереккөз: Baq.kz

3 мамыр 2018, 15:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.