Арменияда оппозиция өкілдері қайта бас көтерді. Бұған оппозиция көшбасшысы Никол Пашинянның ел премьер-министрі болып сайланбауы себеп.
Ол бұл қызметке жалғыз үміткер бола тұра, жеткілікті дауыс жинай алмаған. Ұлттық жиналыстың арнайы отырысында оны қолдап, 45 парламент мүшесі дауыс берсе, 56-сы қарсы шыққан.
Айта кеткен жөн, Армения конституциясына сәйкес, мұндай жағдайда 1 аптадан кейін жаңа премьер-министр сайлануы керек. Қазір Ереванда наразылық шараларының кесірінен көлік қозғалысы, метро мен пойыздардың жұмысы тоқтаған. Сонымен қатар ел астанасындағы күре жолдар жабылды.
Ал Гюмриде жүздеген ереуілші жергілікті әкімдікке баса көктеп кіріп, қала басшысынан шеруге қосылуды талап еткен.
Мехер Кассис, шеруге қатысушы:
– Біз кешегі сайлау қорытындысының нәтижесіне наразылық білдіру үшін көшеге шықтық. Өйткені олар халық қолдайтын үміткерді сайлаған жоқ. Бүгін үлкен шеру өтеді, біз үкіметтің емес, халықтың көңілінен шығатын көшбасшыны таңдаймыз.
Дереккөз: 24.kz