АҚШ-тың Джорджия штатында С-130 әскери ұшағы құлап, бортта болған тоғыз адам қаза тапқан, - деп хабарлайды РИА Новости WSAV-TV телеарнасына сілтеме жасап.
"Білуімізше, ешкім аман қалған жоқ", - деп мәлімдеді Эфингем округінің шериф кеңсесінің ресми өкілі Джина Бильбо.
Ұшақ әуеге көтерілгеннен кейін ұзақ уақыт өтпестен тасжолға құлаған. Полиция өкілі тасжолда көліктердің болмағанын таңғажайып оқиға деп отыр.
Ұшақ Аризона штатындағы Дэвис-Монтан әскери-әуе базасына бағыт алған. АҚШ президенті Дональд Трамп Ұлттық гвардия әскерилерінің қазасына орай жақындары мен отбасына көңіл айтты.
Дереккөз: tengrinews.kz