Атырау, 11 қаңтар 16:01
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -4
$ 509.94
€ 593.88
₽ 6.43

​Facebook-те онлайн танысу қызметі іске қосылады

2 477 рет қаралды


Енді Facebook әлеуметтік желісінде адамдар бір-бірімен танысу мүмкіндігіне ие болады. Бұл туралы компанияның негізін қалаушы Марк Цукерберг мәлімдеді. 

Және желінің бас маманы Крис Коктың айтуынша, танысу қызметі бірнеше айдан кейін іске қосылады. 

«Facebook-та 200 миллион адам өздерін жалғыз екендіктерін білдіреді, сондықтан бұл қызмет керек деп ойлаймын. Жаңа функция нақты және ұзақ қарым-қатынастарды қалыптастыруға көмектеседі», - деп Цукербергтің сөзін Reuters келтіреді. 

Facebook-тің басшысы бұл қызметтің ұзақ мерзімді қарым-қатынастарға бағытталғанын атап өтіп, дегенмен танысу үстіндегі адамдар бір-бірінің профилін көре алмайтынын айта кетті.

Дереккөз: 24.kz

2 мамыр 2018, 11:19

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.