Атырау, 30 қараша 00:38
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -3
$ 511.22
€ 540.05
₽ 4.73

​Доминикан Республикасы Тайвань аралымен дипломатиялық қатынасты үзді

2 031 просмотра


Доминикан Республикасы Тайваньмен дипломатиялық қарым-қатынасын үзіп, Қытай Хлық Республикасымен ресми байланыс орнатты. Келісім-шартқа қол қою рәсімі Бейжіңде өтті. Құжатқа екі елдің Сыртқы істер министрлері қол қойды.

Мәселен, Доминикан республикасы осы уақытқа дейін тек Тайваньмен дипломатиялық қарым-қатынаста болып келген. Себебі 1949 жылы азаматтық соғыста Чан Кайши бастаған Гоминьдан күштері коммунистерден жеңіліс тапқан соң Тайваньға барып орнығып, көп жылдар өзін Қытайдың жалғыз заңды билігі деп санап келген. Ал ресми Бейжің Тайваньды өзінің бір бөлігі деп есептейді. 

Ван И, ҚХР-дың Сыртқы істер министрі:

- Доминикан республикасы маңызды әрі дұрыс шешім қабылдады. Бұл елдің мүддесінен туындаған, халықаралық құқыққа негізделген қадам. Біз бұл бастаманы жоғары бағалаймыз. 

Мигель Варгас, Доминикан Республикасының Сыртқы істер министрі: 

- Бұл еліміздің мүддесіне сай сыртқы саясат. Осы уақыттан бастап, екі мемлекет бір-бірін мойындап, елшілермен алмасатын болады.

Дереккөз: 24.kz

2 мамыр 2018, 10:03

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.