Бразилияның Бас прокуратурасы дүйсенбіде бұрынғы ел президентіне, сенаторға және "Еңбек етушілер партиясының" басшысы Глейзи Хоффманға, бірнеше бұрынғы министр мен кәсіпкер Марселу Одебрехтке қатысты белсенді және пассивті жемқорлық, қаражат жымқыру баптары бойынша жаңа айыптар тақты, - деп хабарлайды РИА Новости.
Globo арнасының мәліметінше Odebrecht құрылыс компаниясы 2010 жылы өздеріне ыңғайлы жағдайдың жасалуы үшін ел президенті Лулеге 64 миллион реал (18,4 миллион доллар) беретін болып, уәде берген. Лула жемқорлық үшн жазасын өтеп жатыр. Бразилия жоғарғы сотының төрағасы Эдсон Факин сәуірдің басында бұрынғы президенттің сот үкіміне берілген арызын қараусыз қалдырып, оны Куритиба қаласындағы түрмеде жазасын өтеуге жіберді.
Қаңтарда Лула да Силва жемқорлық үшін 12 жылға сотталған еді. Луис Инасиу Лула да Силва 2003-2010 жылдары Бразилия президенті болған.
Дереккөз: tengrinews.kz