Атырау, 15 желтоқсан 18:00
 ашықВ Атырау -8
$ 522.38
€ 612.60
₽ 6.54

Трамп денсаулығы туралы анықтаманы өзі айтып жаздырды - дәрігер

1 813 рет қаралды


Екі беттік медициналық анықтамада Трамптың өте қайратты екені, АҚШ-тың денсаулығы ең мықты президенті болатыны жазылған. 2016 жылғы сайлау алды кампаниясында Дональд Трамп денсаулығы туралы анықтаманың мәтінін өзі құрастырды, деп мәлімдеді сол кездегі Трамптың дәрігері Харольд Борнстейн.

"Бұл хаттың мәтінін өзі айтып тұрды, мен жазған жоқпын. Іс барысында ойдан шығардым", — деп мәлімдеді Борнстейн CNN арнасына.

Екі беттік анықтама көпшіліктің келекесіне айналған болатын, өйткені онда "аса қайратты әрі төзімді" және "АҚШ президенттігіне үміткер денсаулығы ең мықты адам" деп жазылған.

Борнстейн мәлімдегендей, Трамптың жеке оққағары кеңсесінен анықтаманы ұрлап әкеткен. АҚШ президентінің баспасөз хатшысы  Сара Сандерс сейсенбі күні хабарлағандай, Ақ үй бұл құжатты заңды түрде алыпты.

Дереккөз: sputniknews.kz

2 мамыр 2018, 09:29

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.