Атырау, 26 қараша 07:25
 ашықВ Атырау +4
$ 498.51
€ 522.84
₽ 4.81

Жедел құжат

3 411 просмотра


ІММ бұйрығына сәйкес, 2018 жылғы 1 сәуірден бастап ҚР азаматтарының төлқұжаттарын, жеке бас куәліктерін жедел дайындау және беру санаттары өзгертіліп, толықтырылды.

Жеделдіктің бірнеше санаты мен баға тізімдері белгіленді. Мысалы, Астана, Алматы, Ақтөбе, Шымкент қалалары үшін 1-ші санатты жеделдік (1 жұмыс күніне дейін) - 4 мың 983 теңге, 2-ші санат (3 жұмыс күніне дейін) - 2 мың 752 теңге.

Облыс орталықтары үшін 1-санат (3 жұмыс күніне дейін) – 4 мың 983 теңге, 2-ші санат (5 жұмыс күніне дейін) - 2 мың 752 теңге. Облысқа бағынатын аудандар мен қалалар үшін жедел қызметтің үшінші санаты (7 жұмыс күніне дейін) - 1 мың 116 теңге деп белгіленді.

Атырау облыстық ІІД Мемлекеттік тіл және ақпарат бөлімінің басшысы Назымгүл ҚАЙСАҒАЛИЕВА түсіндіргендей, бұрын ауыл тұрғындарына төлқұжаттар мен жеке бас куәліктерін жедел дайындау қызметі қолжетімді болмаған.

Ал өз атымнан қосарым: төлқұжат, жеке бас куәлігі сіздің атыңызға жазылған болса да, олар сізге тиесілі емес - бұл мемлекеттің меншігі. Сондықтан оларды ұқыпты және мұқият ұстаңыз, ешқашан ешкімге кепілдікке қалдырмаңыз. Және оны жоғалтпауға тырысыңыз.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

30 сәуір 2018, 13:40

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.