Атырау, 26 қараша 07:27
 ашықВ Атырау +4
$ 498.51
€ 522.84
₽ 4.81

Тәңірге тасаттық берді

4 358 просмотра


Атырау облысы Жылыой ауданының малшылары мен егіншілері өз шаруашылықтарын жүргізуде Мұғалжар тауынан келетін өр суына тәуелді. Биыл қардың еруі наурыздың аяғында басталғанымен, әлі күнге дейін Жем өзенінде су аз. Сондықтан да олар құрғақшылықтың алдын алу жұмыстарына кірісіп жатыр.

- Биыл қардың аз түсуінен құрғақшылық орын алуы ғажап емес. Бұрын осы уақытта өзен суының деңгейі екі метрге дейін көтерілетін, биыл 50-60 сантиметр шамасында,- дейді Жылыой ауданы ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Нұртас ҚУАТБАЕВ.  - Біз Ақтөбе жақпен күнбе-күн сөйлесіп отырмыз, ол жақта да жағдай осындай. Биыл 11 шаруа қожалығы егін алқабып көлемін 150 га жеткіземіз деп ұйғарған болатын. Енді құрғақшылықтан қорқып отыр. Әзірге жер жыртумен айналысып жатыр. Жайылым жерлерде де осы жағдай. 7 мың гектар шабындықтың 2 мыңына жетер-жетпес жеріне ғана су шықты. Тіпті биыл Қамыскөл көлі толмай қалу қаупі бар. Су тапшылығы орын алса, аудандағы 200-ден астамшаруа қожалықтарына қиын болады.  

- Қандай шаралар қарап жатырсыздар?

- Суды бөгеу жұмыстары жүруде. Құлсары қаласы маңынан, Жем  округіндегі Сарықұдық, Тасшағыл жерлерін бөгеп, жайылымдық жерлерге су шығарудамыз. Жауын болса жақсы болар еді, құрғақшылықтан құтқарар еді.

Ал әзірге ауданның көптеген тұрғындары жиналып, көктен жауын сұрап, «тасаттық» беріп жатыр.

Ләззат ҚАРАЖАНОВА 

Суретті түсірген автор

29 сәуір 2018, 12:33

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.