Таяу Шығыста селден зардап шеккендер саны онға жетті. Израиль құтқарушылары із-түссіз жоғалып кеткен қыздың денесін тапты. Жергілікті арналардың хабарлауынша, Нахаль Цафит шатқалына саяхатқа шыққан 25 жеткіншектің тоғызы да көз жұмды.
Олар 18 жас шамасындағы әскерге дейінгі даярлық мектебінің оқушылары еді. Оқушыларды мұндай қауіпті аймаққа саяхат жасауына кім рұқсат бергені анықталуда. Себебі ауа райы болжамында табиғаттың тосын мінез танытатыны хабарланған болатын.
Дереккөз: 24.kz