Атырау, 30 қараша 00:47
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -3
$ 511.22
€ 540.05
₽ 4.73

​Еуропа туристер санын шектеу керек деп жатыр

2 019 просмотра


Оңтүстік Еуропаның 14 қаласынан жиналған белсенді топ шектеусіз туризмге қарсы ұйым құрды. Бұл туралы EurActiv журналы жазады, деп хабарлайды «Қазақпарат» ХАА-нің меншікті тілшісі. 

«SET network» деп аталатын ұйым туристік индустриядағы туристер санын шектеу тіпті оны қысқарту туралы бастама көтеріп жүр. Олар ұйымдастырған алғашқы акцияда туризм индустриясының бақылаусыз кеткенін айыптайтын манифест көтерілді. 

Белсенді топтың пікірінше, шектеусіз туризм тұрғын үй бағасының жоғары болуына әкеледі, жергілікті дүкендердің жабылып, жалақысы аз жұмыс орындарының пайда болуына және қоршаған ортаның ластануына әкеледі. 

Қазіргі уақытта «SET network» желісіне Мадрид, Барселона, Пальма де Майорка, сондай-ақ Лиссабон мен Венецияны қосқанда 10 Испания қаласы кіреді. Құрылған ұйым Канар аралдары және Мальтаны да назарға алып отыр. 

Бүкіләлемдік туризм ұйымның мәліметі бойынша, ЕО елдеріндегі туристер саны 8 пайызға артып, 538 млн адамға жеткен. Бұл әлемдік туристер ағынның 40 пайызын құрайды.

Дереккөз: inform.kz

27 сәуір 2018, 16:14

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.