Атырау, 29 қараша 22:50
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -3
$ 513.00
€ 541.16
₽ 4.69

Қырғызстанның экс-премьерін ҰҚМК не үшін жауап алуға шақырғаны белгілі болды

2 249 просмотра


Бішкек жылу электр станциясын модернизациялау ісін тергеу аясында бұған дейін бірнеше шенеунік ұсталған. Қырғызстанның бұрынғы премьер-министрі Сапар Исаков Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитетіне Бішкек жылу электр орталығын модернизациялау ісі бойынша куәгер ретінде жауап алуға шақырылған. Бұл туралы Sputnik Кырғызстан комитеттің ресми өкілі Рахат Сүлеймановқа сілтеме жасай отырып хабарлайды. 

Бүгін таяуда отставкаға кеткен Сапар Исаков әлеуметтік желідегі парақшасында ұлттық қауіпсіздік комитетіне жауап алуға шақырылғанын мәлім еткен еді. 

26 қаңтарда Бішкекте жылу электр орталығында апат болып, оның қуаты екі еседен төмен түсіп кеткен. Салдарынан қала тұрғындарының үйі күрт суып кетеді. Осы оқиғадан кейін жылу электр орталығының басшысы жұмыстан шығарылды. Кейін ол нысанды жаңғыртуға қажет материал мен қондырғылардың көтеріңкі бағамен сатып алынғанын мәлім етті. Станцияны модернизациялауға 386 миллион доллар көлеміндегі кредитті Қытай берген.

ЖЭО модернизациялау ісі бойынша үш адам ұсталған. Олар қылмыстық кодекстің жемқорлық бабы бойынша қамауға алынды. 

Дереккөз: sputniknews.kz

26 сәуір 2018, 15:57

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.