АҚШ-тың қауымдар палатасы Башар Асад билігінің бақылауындағы Сирия аумағын қалпына келтіруге арналған көмекке тыйым салатын заң жобасын қабылдады.
Құжатты енді Сенат бекітуі тиіс. Ал заңда Құрама Штаттардың тек ресми Дамаскке бағынбайтын аймақтарға қол үшін беретіні айтылған. Себебі Конгресс өкілдері «7 жыл ішінде Сирия халқын апатқа ұшыратқан Асад билігін қолдау жөнсіз», – дейді. Ал Еуропалық одақтың белді мүшесі Германия Сирияға гуманитарлық көмек үшін 1 миллиард еуро бөлетін болды.
Бұл туралы Сыртқы істер министрлігі мәлімдеді. Айта кетейік, Германия ақпан айында Шығыс Гута тұрғындарына көмек ретінде 10 миллион еуро көлемінде қаржы бөлген. Ал жалпы бұл мемлекет 2012 жылдан бері Сирияны қалпына келтіру үшін 4 миллиард еуроға жуық қаржылай қолдау көрсетіпті.
Дереккөз: 24.kz