Атырау, 27 сәуір 13:51
 ашықВ Атырау +20
$ 443.35
€ 475.54
₽ 4.82

Арменияда оппозиция лидері Пашинянды премьерлікке ұсынды

1 285 просмотра


Арменияда «Елк» парламенттік оппозициялық фракция лидері Никол Пашинянды елдің премьер-министрі лауазымына ұсынды. Үкімет тізгінін қолына алу үшін Пашинянға кемінде 53 депутат дауыс беруі керек, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

«Елк» партиясының парламентте тоғыз депутаты бар, ал тағы бір «Царукян» оппозициялық партиясынан 31 депутат бар.

Парламентте негізінен Арменияның республикашылдар партиясы өкілдері көп орын иеленген. Аталған партия «Дашнакцутюн» партиясымен бір коалицияда біріккен. Бірақ 25 сәуірде басқарушы коалиция тарап кетті.

Арменияда саяси дағдарыс кезінде екі аптадан бері өтіп жатқан наразылық акциясы премьер-министр Серж Саргсянның отставкаға кетуімен аяқталған. Ол Арменияны 10 жыл бойы басқарып келді.

25 сәуірде Никол Пашинян жақтастары наразылық акциясын қайта жаңартты. Бұл Пашинян мен билік партиясының келіссөзі үзіліп қалғаннан кейін басталды. Пашинян демонстранттарды Ереванның республикалық алаңына жиналып, «барқыт халықтық революция жеңісін нығайтуға» шақырды.

Дереккөз: baq.kz

26 сәуір 2018, 10:35

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.