Атырау, 29 қараша 22:51
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -3
$ 513.00
€ 541.16
₽ 4.69

​Гренландия аралы Даниядан бөліну мәселесін қарастырды

3 516 просмотра


Гренландияда жергілікті парламентке сайлау өтті. Сондай-ақ арал тұрғындары арасында Даниядан бөліну-бөлінбеуге қатысты сауалнама жүрді. 

55 мың тұрғыны бар Гренландия 2009 жылдан бері  автономияға ие болып, өзін өзі басқарып келеді.

Алайда Дания әлі күнге дейін аралдың әскері мен сыртқы саясатын бақылайды. Сайлауға қатысқан жеті партияның алтауы елдің толық дербестігін қолдады.

Алайда Дания жыл сайын Гренландияға көмек ретінде 483 миллион еуро бөледі. Бұл мемлекет бюджетінің 60 пайызы. Егер ол тоқтаса, тәуелсіз ел Еуропаның ең кедей мемлекетіне айналуы мүмкін.

Дереккөз: 24.kz

25 сәуір 2018, 14:47

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.