Өзбекстанда әскерилердің қызмет ету мерзімі ұзартылды, сол себепті зейнеткерлікке шығу жасы да ұлғайды, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі Өзбекстанның ақпарат құралдарына сілтеме жасап.
"Жалпыға ортақ әскери міндет және әскери қызмет туралы" және "Өзбекстан қарулы күштері резервіндегі қызмет туралы" заңдарға енгізілген түзетулер 19 қазанда күшіне енеді деп хабарланды.
Құжаттарға сәйкес, кіші офицерлер (лейтенант, аға лейтенант, капитан, капитан-лейтенант) үшін әскердегі қызмет екі жылға — 43-тен 45 жасқа дейін ұзартылды.
Аға офицерлердің барлығына (майор, подполковник, полковник, 3, 2 және 1 дәрежелі капитандарға) зейнетке шығу жасы 50 жыл деп белгіленді. Бұған дейін майорлар, подполковниктер мен 3-ші және 2-ші дәрежелі капитандар 45 жаста зейнетке шығатын. Генералдар құрамы үшін әскери міндет мерзімі бұрынғыша қалды - 60 жасқа дейін.
Дереккөз: Baq.kz