Атырау, 29 қараша 22:38
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -3
$ 513.00
€ 541.16
₽ 4.69

​Армения президенті халықты не толқытқанын айтты

1 667 просмотра


Армения президенті Армен Саркисян халықты толқытқан болашаққа деген сенімнің болмауы, әлеуметтік қиындықтар мен қанағаттану сезімінің жоқтығы екенін айтады, - деп хабарлайды РИА Новости.  

"Елімізде қиындықтар көп екенін бірнеше рет айттық. Халықты толқытқан болашаққа деген сенімнің болмауы, әлеуметтік қиындықтар мен қанағаттану сезімінің жоқтығы. Бұл факторлар азаматтарымыз үшін маңызды. Бұл отанымыз үшін тарихи кезең, жаңа Арменияны жасайтын уақыт келді", - деп келтіреді оның сөзін Sputnik Армения. 

Армения президенті Серж Саргсянның қақтығысқа дейін жеткізбей ел көшбасшысының орнын босату туралы шешімін құрметтейтінін атап өтті.  

Серж Саргсян Армениядағы он күнге созылған наразылық акцияларына байланысты дүйсенбіде отставкаға кетті. Президент Саркисян министрлер кабинетінің отставкасын қабылдады.  Елді 2008 жылдан бері басқарып келе жатқан Саргсянды Армения премьері етіп тағайындауға қарсылық 13 сәуірде басталған. Жаңа парлементтік республика (9 ақпаннан бастап) заңдары бойынша елді премьер басқарады.

Оппозиция Саргсянды экономикалық жағдайдың нашарлауына әкелді деп айыптап, 17 сәуірде "барқыт төңкерісі" басталғанын мәлімдеген. Жалпы наразылыққа қарамастан, Армения парламенті 17 сәуірде Саргсянды үкімет басшысы етіп тағайындаған болатын. 

Дереккөз: tengrinews.kz

24 сәуір 2018, 14:23

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.