Италияның президенті Серджио Маттарелла елдегі саяси дағдарысты шешудің оңтайлы жолын іздеп әлек.
Еске салсақ, 4 наурызда өткен парламентік сайлау барысында саяси партияның бірде-бірі көпшілік дауысқа ие бола алмай, осы күнге дейін үкімет жасақталған жоқ. Бұл жолы президент үкімет құрамын бекітуді парламенттегі төменгі палатаның төрағасы Роберто Фикоға тапсырды.
Осыған дейін бұл міндетті орындау сенат спикері Элизабетте Казеллатидің қолынан келмеді. Роберто Фико «Бес жұлдыз» қозғалысы және демократиялық партияның өкілдерімен кездесіп, олардың арасында одақ құру мүмкіндігі туралы президентке баяндауы тиіс. Егер партия жетекшілері мәмілеге келе алмаса, мемлекет басшысы дағдарысты шешудің өзге амалын табуы керек.
Роберто Фико, Италия парламенті төменгі палатасының төрағасы:
- Жұмысыма дереу кірісемін. Менің ойымша, еліміздің мүдделеріне сай тақырыптар мен бағдарламаларды талқылаудан бастау қажет. Тап осыны істеуге тырысамын.
Дереккөз: 24.kz