Атырау, 29 қараша 22:34
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -3
$ 513.00
€ 541.16
₽ 4.69

G7 Ресейге тағы да санкция жарияламақшы

2 266 просмотра


«Үлкен жетілік» елдері Украинаның оңтүстік-шығысындағы саясатына бола Ресейге қарсы санкцияларды күшейтуі мүмкін. Бұл туралы Торонтодағы G7 СІМ басшылары кездесуінің қорытынды мәлімдемесінде айтылған, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

Бұл мәлімдемеде «Мәскеудің әрекеті талап етсе» сәйкесінше шешім қабылданады деп көрсетілген.

Сонымен қатар, құжатта РФ-ға қарсы санкциялар Минск мәмілесіне сәйкес міндеттемелер орындалған жағдайда алынып тасталатыны айтылған.

Құжатта Ресейдің сыртқы саясатына «тұрақсыздандырғыш» деген сипаттама берілген, ол өзге елдердің демократиялық жүйесіне араласты деп айыпталуда. «Үлкен жетілік» елдері Лондонның БББ экс-полковнигі Сергей Скрипаль мен оның қызының улануына Мәскеудің қатысы бар екенін және Ресейден басқа ешкімге бұл шабуыл үшін жауапкершілік жүктеуге болмайтыны және басқа шындық жоқ деген қорытындысымен келісті.

Осыған қарамастан, «үлкен жетілік» елдерінің министрлері «жаһандық мәселелер және аймақтық дағдарыстар» бойынша РФ-мен халықаралық міндеттемелерін орындаған жағдайда өзара жұмыс істеуге болады деп есептейді.

Дереккөз: Baq.kz

24 сәуір 2018, 10:58

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.