Атырау, 29 қараша 22:35
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -3
$ 513.00
€ 541.16
₽ 4.69

​А.Гутерриш БҰҰ-ның әлем тыныштығын сақтауға қауқарсыз екенін мойындады

1 785 просмотра


Біріккен Ұлттар Ұйымының Қауіпсіздік Кеңесі әлем тыныштығын сақтауға қауқарсыз. Яғни Кеңес құрылымдық қиындыққа тап болды. Вето салу құқығы бар мемлекеттер осы мүмкіндігін ретсіз пайдаланып, ұйым жұмысының тиімділігін әлсіретеді. Сондықтан заман талабына сай өзгеріс енгізу керек. 

Бұл туралы ұйымның Бас хатшысы Антониу Гуттериш мәлімдеді. Сондай-ақ ол әлемде қырғиқабақ соғыс қайта басталды дейді. 

Оның айтуынша, бұл жолғы жанжалдың сипаты АҚШ пен Кеңес Одағы арасындағы текетірестен бөлек. Өйткені қос алып мемлекет әлемге толық сөзін өткізе алмайды. Яғни күш екіге бөлінбеген. Түркия, Иран және Сауд Арабиясы сияқты бейтарап белсенді мемлекеттер бар. 

Сондай-ақ Бас хатшы Біріккен Ұлттар Ұйымының Сирияда жеті жылға созылған соғысты тоқтатуда дәрменсіздік танытқанын мойындады.

Дереккөз: 24.kz

24 сәуір 2018, 10:06

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.