Канаданың орталығындағы Торонто қаласында микроавтобус жаяу жүргіншілерді қағып кетіп, 16 адам жарақаттанды, деп хабарлайды CTV телеарнасы жергілікті полицияның басшысы Питер Юэнге сілтеме жасап.
Оның сөзінше, жаяу жүргіншілерді қағуы мүмкін күдікті ұсталды, қазір қамауда отыр. Оның бұл қадамға не үшін барғаны туралы әзірге ақпарат жоқ. Оқиға мегаполистің халық көп шоғырланған даңғылдарының бірінде болған.
«Ол жаяу жүргіншілерге арналған жол жиегіне шығып кетіп, адамдарды бірінен соң бірін қаға бастады»,-деді куәгерлердің бірі. Оның сөзінше, көлік үлкен жылдамдықпен келе жатқан.
Дереккөз: inform.kz