Атырау, 29 қараша 22:49
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -3
$ 513.00
€ 541.16
₽ 4.69

​Парагвайдың жаңа басшысы қызметіне тамыз айында кіріспек

1 722 просмотра


Парагвайда «Колорадо» басқарушы партиясы атынан шыққан Марио Абдо Бенитес президент сайлауында жеңіске жетті. 

Бұл туралы елдің жоғарғы сайлау сотының басшысы Хайме Бестар хабарлады. Оның дерегі бойынша, әзірге бюллетеньтердің 96 пайызы саналған, ал Абдо дауыстың 47 пайызын жинап, қарсыласы – оппозиция өкілі Эфраин Алегреден басым түскен. Естеріңізге сала кетейік, ол 2015-2016 жылдары Парагвай сенатының төрағасы қызметінде болған. Бұл елде президент 5 жылға сайланады. Енді Абдо жаңа қызметіне тамыз айында кіріспек. 

Марио Абдо Бенитес, жаңадан сайланған президент: 

– Бүгін Парагвайдың бөлінуінің аяқталған күні. Халық өз таңдауын жасады. Елдің өркендеп-көркеюіне бар күшімді саламын деп уәде беремін.

Дереккөз: 24.kz

23 сәуір 2018, 14:10

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.