Атырау, 15 желтоқсан 16:27
 ашықВ Атырау -6
$ 522.38
€ 612.60
₽ 6.54

Трамп: Солтүстік Корея мәселесінің шешілуіне әлі ерте

2 890 рет қаралды


АҚШ президенті Дональд Трамп Солтүстік Кореяның ядролық дағдарысының "шешімін табуға әлі ерте" екенін мәлімдеп, Пхеньяннің ядролық және зымыран сынағын уақытша тоқтату туралы мәлімдемесіне қатысты оптимистік көңіл-күйді басты.

"Біз Солтүстік Корея мәселесін шешуден әлі алыс тұрмыз. Мүмкін, барлығы реттеліп кетер, бәлкім реттелмес: тек уақыт төреші. Бірақ менің қазір жасап жатқанымды баяғыда-ақ жасау керек еді" деп жазды Трамп Twitter-де.

Жексенбіде Оңтүстік Кореяда соңғы он жылдағы Солтүстік Корея мен АҚШ басшыларының алғашқы кездесуіне дайындық қызу жүргізіліп жатқаны хабарланған. Кездесудің қашан және қайда өтетіні туралы әзірге ресми мәлімет жоқ.

Дереккөз: azattyq.org

23 сәуір 2018, 10:31

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.