Батыс елдерінің әркери жасақтары «Ирак және Левант» лаңкестік ұйымы талқандалғаннан кейін де Сирияда қала беруі тиіс. Бұл туралы Франция Президенті Эммануэль Макрон «Fox News» телеарнасына берген сұхбатында мәлімдеді.
Оның айтуынша, АҚШ және Еуропа елдерінің әскері сириялықтардың жаңа мемлекет құруына көмектеседі.
Еске сала кетейік, бұған дейн Эммануэль Макрон президент Дональд Трампты Сириядағы АҚШ әскерін алып кетпеуге көндіргенін мәлімдеген. Бірақ Ақ үй басшысы америкалық әскерилер бұл елден жақын арада шығарылатын айтады.
Эммануэль Макрон, Франция президенті:
– АҚШ, Франция, жалпы біздің одақтас елдер және Ресей, Түркия секілді аймақтағы басқа да мемлекеттер «Ирак және Левант» лаңкестік ұйымымен соғыс аяқталған соң да, Сирияны қалпына келтіруге күш салуы керек. Бірақ мемлекеттің болашағын сириялықтардың өздері құруы тиіс.
Дереккөз: 24.kz