20 сәуір кешкісін Еревандағы Республика алаңына жиналған наразылар жаңа сайланған премьер-министр Серж Саргсянның қызметінен кетуді талап етті. Митингте сөз сөйлеген оппозициялық "Азаматтық келісім" партиясының лидері Никол Пашинян билікпен келіссөз жүргізуден бас тартты. Бұл туралы Азаттықтың Армян қызметі хабарлады.
Пашинянның айтуынша, оппозиция билікпен тек Серж Саргсянның оставкаға кету шарттарын ғана талқылауға дайын.
"Біз кек алғымыз келмейді. Серж Саргсян тезірек отставкаға кетсе ол үшін және Армения елі үшін пайдалы болмақ" деді Пашинян.
Бірнеше күн бұрын Армения билігі Пашинянды келіссөз жүргізуге шақырған. Ереванда Серж Саргсянға қарсы наразылық шарасының өтіп жатқанына бір аптадан асты. Саргсян президенттіктен кетер алдында Армения Конституциясы өзгертіліп, ел парламенттік басқару жүйесіне өткен. Елдегі билік үкімет басшысының қолына тиді. Оппозиция Саргсянді билікті басып алды деп айыптайды.
Дереккөз: azattyq.org