Қалалық аумақтық фитосанитариялық бақылау иснпекциясының қызметкерлері Атыраудағы «Дина» көтерме базарында сату үшін Өзбекстаннан әкелінген орамжапырақ партиясынан көкөністер мен жемістерді зақымдаған карантинді зиянкесті – батыс гүл трипсінің дернәсілдерін анықтады.
Инспекция басшысы Шолпан ЖҰМАХМЕТОВАНЫҢ айтуынша, қауіпті жүк сөрелерге жетпеген. Өйткені қалаға кірер жердегі кеден бекетінде анықталғандықтан, рефрижератор Ташкент жаққа кері қайтарылған. Бір қызығы, зиянкеспен зақымдалған орамжапырақтың Өзбекстанда берілген фитосанитарлық сертификаты болған.
Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ