Биыл Атырау әкімдігі қаңғыбас иттер мен мысықтарды жою үшін былтырғыдай 27 млн теңге бөлді.
«Атырау қалалық ветеринариялық станциясы» КМК директоры Нұртай БӘЖЕНОВ хабарлағандай, тендер шарттары бойынша атыс қаруын пайдалануға рұқсат етілмейді. Жануарларды тез әсер ететін релаксантты (адилин) инелермен атып жансыздандырады. Атушы ветеринариялық станцияның 30-38-74 телефоны арқылы қала тұрғындарынан түсетін өтінімдерді жедел қабылдау үшін үнемі байланыста болуы тиіс.
Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ