Свазиленд королі Мсвати III ел атауын Эсватини Корольдігі деп өзгертті, деп хабарлады Reuters агенттігіне сілтеме жасаған ТАСС.
«Мен бүгіннен бастап біздің еліміз Эсватини Корольдігі деп аталатынын мәлімдегім келеді», - деп келтіреді монархтың сөзін агенттік.
Тиісті мәлімдеме Мсвати III-тің 50 жасын, сондай-ақ ел тәуелсіздігінің 50 жылдығын атап өту қарсаңында ұйымдастырылған салтанатты шара барысында жасалды. Агенттік атап өткендей, мемлекеттің жаңа атауы жергілікті свати тілінде «байланыс жері» деп аталады.
Король атап өткендей, мемлекеттің бұрынғы атауы халықты жаңылыстырған.
«Әркез,біз шетелге шыққан сайын бізді Швейцариямен шатастырады (ағылшын тілінде ел атауы Швейцария, Switzerland-ке ұқсас, «Суизерленд» деп аталады, ал Свазиленд, Swaziland – «Свазиленд» - ҚазТАГ)» - деді Мсвати III.
Дереккөз: kaztag.kz