Атырау, 29 қараша 22:26
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -3
$ 513.00
€ 541.16
₽ 4.69

Ереванда полиция 20 демонстрантты ұстады

2 147 просмотра


Ереванда полиция үкімет үйі жанына жиналған 20 демонстрантты тұтқындады деп хабарлайды Азаттықтың Армениядағы редакциясы. Парламент депутаты Никол Пашинян басқаратын оппозициялық қозғалыстың жақтастары бүгін таңертеңнен Армения үкімет үйі орналасқан Республика алаңына жинала бастаған.

Жиналғандар арасында Никол Пашиняннің өзі мен қозғалыстың басқа да жетекшілері бар. Олар үкіметтің бір корпусына кіреберісті жаппақ болған. Бірақ полиция демонстранттарды күшпен таратып, үкімет үйіне бақылау орнатты.

Пашинян кеше Ереванда митингіде сөйлеген кезінде 19 сәуір күні таңертең үкімет үйіне жиналуға шақырған. Ол министрлердің жаңа сайланған премьер-министр Серж Саргсян басқаратын үкіметтің алғашқы отырысына кіргізбеуді көздейді.

Ереван полициясы азаматтарға "ерекше қорғалатын нысандар барын" еске салып, егер ондай нысандарға заңсыз кірген жағдайда немесе ондай әрекетті жасамау талабына бағынбағандарға "құқықтық шара қолданылатынын" ескерткен.

Ереванның орталық көшелерімен жүріп өткен Пашинян кешегі хабарландыруынан соң үкіметтің бүгінгі жиыны сағат 11-ден 17-ге ауыстырылғанын айтты. Ол полицияның ескертуіне байланысты полиция қызметкерлерінің бейбіт демонстранттарға қарсы оқ атуға хақы жоғын мәлімдеді.

14 сәуірден бері Арменияда елдің бұрынғы президенті, Республикалық партияның лидері Серж Саргсяннің кандидатурасын премьер-министрлікке ұсынуға қарсы акциялар өтіп жатыр. Саргсян қарсылыққа қарамастан 17 сәуірде премьер-министр болып сайланған.

Акцияға қатысушылар Саргсянді "билікті басып алды" деп айыптайды. Саргсян 2007-2008 жылдары Армения президенті, одан кейінгі 10 жылда президент болған. Биыл аяқталған конституциялық реформадан соң Армения парламенттік басқару формасына өткен. Енді елді іс жүзінде премьер-министр басқармақ.

Дереккөз: azattyq.org

19 сәуір 2018, 17:19

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.