Атырау, 29 қараша 22:50
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -3
$ 513.00
€ 541.16
₽ 4.69

​Трамп Ким Чен Ынмен кездесудің қандай жағдайда кенеттен тоқтайтынын айтты

2 506 просмотра


Солтүстік Корея ядролық қарудан бас тартпаса АҚШ қысым жасауды жалғастыра береді. Ақ үй қожайыны Дональд Трамптың айтқаны осы. Егер Ким Чен Ынмен кездесу кезінде оң нәтиже нышаны байқалмаса онда кез келген уақытта залдан шығып кетететінін ескертті. 

Дональд Трамп Солтүстік Кореяда тұтқында отырған жапониялықтарды босатуға қатысты мәселе қозғайтынын мәлімдеді. Жапония үкіметінің дерегі бойынша 1970-1980 жылдары Солтүстік Кореяның арнайы қызметі 20 жапондықты ұрлап әкетіп, жергілікті мамандарға тіл үйрету үшін пайдаланған.  

Дональд Трамп, АҚШ Президенті: 

- Солтүстік Корея басшысымен өтетін кездесуде үлкен нәтижеге қол жеткіземіз деген үміттемін. Бұл жалғыз Солтүстік Корея, АҚШ үшін ғана емес, бүкіл әлем үшін маңызды іс болар еді. Әрине Корей түбегін қарусыздандыруды қалаймыз. Анығында ядролық қарудан бүкіл әлем елдері бас тартқаны дұрыс.

Дереккөз: 24.kz

19 сәуір 2018, 12:04

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.