Атырау, 29 қараша 22:40
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -3
$ 513.00
€ 541.16
₽ 4.69

​Моңғолия шенеуніктері оффшордағы байлықтарынан бас тартып жатыр

2 100 просмотра


Оффшорлық аймаққа қаржы аударған немесе аталмыш аймаққа тиеселі аумақта мүлік, есепшот иеленген 20 лауазым иесі осы туралы Моңғолияның Сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттігіне мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. 

Моңғолияның сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі заңы осыған міндеттеген еді. Моңғолия азаматтары оффшорлық аймақта ашылған банк шоттарын жабу, банкте сақталған қаражаттарынан бас тарту, жылжымалы және жылжымайтын мүліктің меншіктік құқығын сату, беру, үлес қосу арқылы құрылған заңды тұлғаның қызметін тоқтату, өз құқықтарын сату немесе аудару, иеліктен шығару бойынша ақпаратты 2018 жылдың 6 сәуіріне дейін мәлімдеу керек еді. 

Осы уақыт ішінде Парламенттің 2 мүшесі, Моңғолбанкінің 1 лауазым иесі өздерінің қатысы бар тұлғаға тиесілі оффшорлық аймақта тіркеулі компаниясының акцияларын 2015-2017 жылдары басқа тұлғаларға аударғаны жайлы хабарлады. 

Сонымен қатар,  Полиция бас басқармасына еншілес ұйымның 1 басқарма мүшесі өз иелігіндегі 3 шоттың жабылғанын тіркетті.  

Бұдан басқа оффшорлық аймаққа жататын сырт елдерде ресми функцияларды жүзеге асыру, білім алу, медициналық көмек және қызмет көрсету мақсатында банктерге есепшот ашқан, қаражат сақтаған, жылжымалы және жылжымайтын мүлік иеленген 16 лауазымды тұлға Сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттікке жазбаша түрде хабарлама жолдады. 

Еске сала кетейік, Моңғолия Президенті Халтмаагийн Баттулга сайлауалды бағдарламасында оффшор аймақтағы жасырын қаражаттарды елге қайтарып әкелуге атсалысуға уәде берген болатын.

Дереккөз: inform.kz

19 сәуір 2018, 10:49

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.