Атырау, 3 маусым 13:39
 дождьВ Атырау +18.3
$ 493.15
€ 574.17
₽ 6.77

Трамп Ресеймен қатынасты жақсартқысы келетінін айтты

1 765 рет қаралды


АҚШ президенті Дональд Трамп Ресей, Қытай, Жапония және басқа елдермен қарым-қатынасты реттегесі келетінін мәлімдеді, деп хабарлайды Вaq.kz ақпарат агенттігі Риа Новости басылымына сілтеме жасап.

«Егер біз Қытаймен, Ресеймен, Жапониямен және басқа да елдермен қарым-қатынасты реттесек – жамен емес, жақсы болар еді», - деді Трамп Флоридада премьер-министр Синдзо Абэмен өткен баспасөз конференциясында.

Мұнымен қоса, Америка басшысы Ресей жаңа «санкцияға лайық болса», тағы да санкция салатынын айтты.

Ресейге қарсы тағы санкция саласыз ба деген сұраққа ол:

«Өздері соған лайық болса ғана», - деп жауап қайтарды.

Сонымен қатар, АҚШ басшысы өзіне дейін ешкім Ресеймен қатал болмағанын айтты.

«Ешкім президент Дональд Трамп секілді Ресеймен қатал болған емес», - деді Трамп.

Дереккөз: Baq.kz

19 сәуір 2018, 10:16

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.