Атырау, 29 қараша 22:38
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -3
$ 513.00
€ 541.16
₽ 4.69

​Жасөспірім сыныптастары мен мұғалімін пышақтап, мектепке өрт қойған

1 859 просмотра


Башқұртстанның Стерлитамак қаласында оқушы меткеп сыныбында өрт қойған, - деп хабарлайды РИА Новости жедел қызметтегі мәлімет көзіне сілтеме жасап. 

"Оқиға Стерлитамактағы №1 орта мектепте болды. Алдын ала болжам бойынша, оқушы информатика кабинетін өртемек болған", - дейді агенттікке сұхбат беруші.  

Ол өрт аумағы бір шаршы метр болғанын анықтап айтты. Оқушы ұсталып, жағдайдың мән-жайы анықталып жатыр.  РФ ТК аймақтық басшысының көмекшісі Светлана Абрамова оқиға орнына тергеушілер кеткенін мәлімдеді.   

"Стерлитамак қаласының мектебінде оқиға болғаны және бөлмелердің бірінен түтін шығып жатқаны туралы ақпарат бар. Оқиға орнына тергеу және криминалистика бөлімінің басшылығы аттанды, мән-жайы анықталып жатыр", - дейді ол.  

Ал Тергеу комитетінің баспасөз қызметі РИА Новости тілшісіне қылмыстық іс ашу туралы мәселе қозғалғанын атап өткен.  Mash атты Telegram-арнасының мәліметінше, оқушы қыздардың бірі аман қалу үшін терезеден секірген. Ол ауыр жарақат алған. Сонымен қатар, өрт қойған оқушы пышақпен қаруланған екен. 

Mash мәліметіне қарағанда шабуыл салдарынан қаруланған оқушы, екі қыз және мұғалім зардап шеккен.  Telegram-арнасының хабарлауынша, шабуыл жасаған оқушының кім екені анықталған, ол - 9-сынып оқушысы Артем Тагиров.

Дереккөз: tengrinews.kz

18 сәуір 2018, 11:49

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.