Әзербайжан Конституциялық сотының пленумы 11 сәуірде кезектен тыс өткен президент сайлауын қорытындылады, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА-ның Әзербайжандағы меншікті тілшісі.
Әзербайжанның EXPO-2025 көрмесін өткізу жөніндегі өтінішін қарауда Еуропа және Орталық Азия несие мәліметтері провайдерлері қауымдастығы құрылды Кемероводағы өртке қысқа тұйықталу себеп болуы мүмкін Сайлауда «Жаңа Әзербайжан» билеуші партиясының кандидаты Илхам Әлиев 86,02 % дауыс жинаған.
Елдің Конституциялық соты Әзербайжан Орталық сайлау комиссиясының президент сайлауы бойынша қорытынды хаттамасының нәтижелерін бекітуге шешім қабылдады. Хаттамаға сәйкес, сайлаушылардың 74,30% қатысқан, 12,403 мың дауыс жарамсыз деп танылған. Сайланған президентті ұлықтау рәсімі Конституциялық сот президент сайлауының қорытындылары ресми мәлім еткеннен кейін үш күннен соң өтеді.
Дереккөз: inform.kz