Атырау, 15 желтоқсан 23:25
 ашықВ Атырау -8
$ 522.38
€ 612.60
₽ 6.54

​АҚШ түрмесінде бүлік шығып, 7 адам қаза тапты

2 349 рет қаралды


АҚШ-тың Оңтүстік Каролина штатындағы аса қатаң режимдегі түрмеде бүлік шығып, 7 адам қаза тапты. Тағы 17 тұтқын жарақат алды. 

Түзету мекемесінің мәлімдеуінше, оқиға кешке сотталғандар арасындағы төбелестен басталған. Тәртіпсіздік кезінде абақтының бірде-бір қызметкері жапа шеккен жоқ. 

Айта кетейік, Бишопвилл қаласында орналасқан түрмеде қауіпті қылмыскерлер отырады. Қазір түзету орнында 1 жарым мыңға жуық адам жазасын өтеп жатыр.

Дереккөз: 24.kz

17 сәуір 2018, 09:35

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.