Атырау, 29 қараша 22:33
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -3
$ 513.00
€ 541.16
₽ 4.69

​Ауғанстанда тәліптер сайлауға қатысудан бас тартты

1 330 просмотра


Deutsche Welle Ауғанстандағы «Талибан» радикалды қозғалысы күзде өтетін парламенттік және жергілікті сайлауға қатысудан бас тартты. 

Сөйтіп тәліптер ел президенті Ашраф Ғанидің ұсынысын кері қайтарды. Қарулы топтардың мәлімдеуінше, бұл саяси додада Батыс елдерінің ықпалы күшті болып, әділ өтпейді. Сондықтан тәліптер мемлекеттегі шетелдердің әскеріне қарсы күреске басымдық бермек. 

Айта кетейік, өткен сенбі күні президент Ашраф Ғани парламенттік және жергілікті сайлауға орай азаматтарды тіркеу басталғанын мәлімдеді. 

Сондай-ақ тәліптерге осы мүмкіндікті пайдаланып саяси додаға қатысуға шақырды. Оның пікірінше, «Талибан» қозғалысы саяси күшке айналып, үкіметпен бейбіт келіссөз бастауы тиіс.

Дереккөз: 24.kz

17 сәуір 2018, 09:34

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.