Федералдық қызмет байланыс операторларына Ресей территориясында Telegram мессенджерін бұғаттауды тапсырды. Олар осы сәттен бастап аталған мессенджер түрін бұғаттаулары тиіс, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі korrespondent.net сайтына сілтеме жасап.
«Байланыс саласындағы Ресей федералдық қызметіне Таган аудандық сотынан үкім келіп түсті. Аталған үкімде Ресей территориясында Telegram Messenger Limited Liability Partnership мессенджеріне қолжетімділікті шектеу мәселесі қаралған. Осыған байланысты 16 сәуір күні байланыс операторларына тапсырмалар жіберілді», - делінген хабарламада.
РФ заңнамасына сәйкес, мессенджер Ресей аумағында 24 сағат ішінде бұғатталуы тиіс.
Дереккөз: Baq.kz