Атырау, 29 қараша 22:51
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -3
$ 513.00
€ 541.16
₽ 4.69

​Қытай АҚШ пен оның одақтастарының соққыларын жауапсыз деп атады

2 314 просмотра


Сирия билігіндегілер химиялық қару қолданған болуы мүмкін деген сылтаумен АҚШ, Ұлыбритания және Франция елдерінің Сирия бойынша жасаған әскери соққысы жауапсыз болып саналады. Бұл туралы бүгін, 16 сәуірде ҚХР СІМ ресми өкілі Хуа Чуньин айтты, - деп хабарлайды РИА Новости.

"Біз осы үш елдің (АҚШ, Ұлыбритания және Франция - автор) жоғары лауазымды тұлғаларының Сирия химиялық қару қолданған болуы мүмкін екені жайлы айтқан мәлімдемесіне назар аудардық. Егемен елге осындай себеппен әскери соққы жасау жауапсыз әрекет деп санаймыз", - деді брифинг барысында Хуа Чуньин. 

Басылымның мәліметінше, АҚШ, Ұлыбритания және Франция өкілдері сенбі күні таңғы уақытта Сирияда химиялық қару өндірісімен айналысады делінген үкіметтік нысандарға соққы жасаған.  Осыған дейін Сирияға жасалған зымыран соққыларының видеосы пайда болған еді.

Дереккөз: tengrinews.kz

16 сәуір 2018, 16:17

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.