Атырау, 29 қараша 22:53
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -3
$ 513.00
€ 541.16
₽ 4.69

​Сауд Арабиясы Сирияға әуеден жасалған соққыларға қолдау білдірді

2 073 просмотра


Сирияда химиялық қарудың қолданылуын халықаралық дәрежеде жіті тексеру қажет. Ал Иранның Сириядағы ахуалға араласуы тіпті орынсыз. Бұл туралы Дахрандағы Араб елдерінің саммитінде айтылды. 

Жиында АҚШ пен одақтастарының Сирияға соққы жасауы жан-жақты талқыланды. Бұл мәселеде Араб елдерінің пікірі екіге жарылды. Ливан, Алжир және Ирак елдерінің өкілдері соққыларға қарсы екенін білдірсе, Сауд Арабиясы бастаған өзге мемлекеттер қолдап отыр. Сондай-ақ Эр-Рияд Дональд Трамптың Иерусалм қаласын Израиль астанасы деп мойындағанын сынға алды. 

Сауд Арабиясының королі Салман Бен Абдель Азиз аль Сауд палестиналықтарға жәрдем беру үшін 200 миллион АҚШ долларын бөлетінін мәлімдеді. 150 миллион доллар палестиналық «Вакф» қорына, ал қалған 50 миллионы палестиналық босқындарға көмек көрсететін БҰҰ-ның таяушығыстық агенттігіне аударылады. 

Саммитке Еуроодақ атынан Федерика Могерини де қатысты. Ол Сириядағы кикілжіңді тек саяси жолмен ғана шешуге болатынын атап өтті. 

Федерика Могерини, ЕО Сыртқы істер және қауіпсіздік саясаты жөніндегі жоғары өкілі: 

- Еуроодақ және оған мүше мемлекеттердің барлығы химиялық қаруды қолданбау үшін қолдан келген шараларды жасады. Сириядағы шиелінсті тек саяси жолмен ғана шешуге болады. 

Жеті жылға жалғасқан шиеленістен соң, бұл бәрімізге де түсінікті. Қайғы-қасіретті жоюдың бірден бір жолы - БҰҰ бастаған Женева келіссөздерін қайта жаңғырту. 

Адель аль-Джубейр, Сауд Арабиясының Сыртқы істер министрі: 

- Сирияда химиялық қарудың қолданылуын қатаң айыптаймыз. Бұл ауыр қылмыс. Сондай-ақ саммитте Иранның Араб елдеріндегі ахуалға араласып, іріткі салуы сыналды. Ливан, Ирак және Йемендегі ықпалын арттыруға талпынып отырғаны белгілі. Осы ретте Иранның араб елдерінен шығуын талап етеміз.

Дереккөз: 24.kz

16 сәуір 2018, 15:09

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.