Атырау, 29 қараша 22:35
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -3
$ 513.00
€ 541.16
₽ 4.69

Қырғызстан президенті қарапайым ұшаққа отырып, қошеметке ие болды

Бейнежазба
1 731 просмотра


Қырғызстан президенті Сооронбай Жээнбеков Ош қаласына кәдімгі рейспен ұшты. Ұшақ бортындағы жолаушылар оған қошемет көрсетті, деп хабарлайды Вaq.kz ақпарат агенттігі.

Бұл туралы қырғыздардың танымал жүргізушісі Нұрсұлтан Майназаров өзінің Instagram парақшасына видео салып көрсетті. Видеода шоумен ұшақ ішінде орнынан тұрып, өздерімен бірге ел президенті ұшып бара жатқанын айтады.

Қырғызстан президентінің баспасөз қызметі Sputnik басылымына ақпаратты растады.

«Президент Ош қаласына отбасылық жағдайына байланысты ұшты. Ол өзінің қайтыс болған ағасының жылдық асына барды», - делінген хабарламада. 



Дереккөз: Baq.kz


16 сәуір 2018, 10:53

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.