Атырау, 15 желтоқсан 20:16
 ашықВ Атырау -8
$ 522.38
€ 612.60
₽ 6.54

​Ресейлік депутат АҚШ санкцияларынан кейін iPad-ын таптап тастады

1 837 рет қаралды


Ресей депутаты атап өткендей, америкалық тауарларға тыйым салу жоспарланып отырғандықтан, халық қалаулылары елге үлгі көрсетуі тиіс.

Ярославль муниципалитетінің депутаты Дмитрий Петровский америкалық санкцияларға жауап ретінде өзінің iPad-ын таптап тастады.

Facebook парақшасында жариялаған видеода ол iPad-тың үстіне шығып, аяғымен таптап жатыр.

"Елімізде америкалық тауарларға тыйым салмақшы – біз, депутаттар, үлгі болуға тиіспіз", — дейді Петровский әлеуметтік желі қолданушыларына. 

Оның айтуынша, енді Қытай өндірген телефон мен планшетті пайдаланады.

Әлеуметтік желі қолданушылары оған америкалық Facebook желісінен де шығып кетуге кеңес берді.

Дереккөз: sputniknews.kz

16 сәуір 2018, 09:56

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.