Атырау, 29 қараша 22:36
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -3
$ 513.00
€ 541.16
₽ 4.69

​Химиялық қаруға тыйым салу ұйымы Дума қаласын тексереді

2 389 просмотра


Химиялық қаруға тыйым салу ұйымының мамандары 14 сәуір күні Сирияның Дума қаласында тексеру жұмыстарын бастайды. 

Бүгін олар Дамаскіге келеді деп күтілуде. Ал Ресейдің Біріккен Ұлттар Ұйымы жанындағы тұрақты өкілі Василий Небензя Сирияға қатысты шиеленіскен мәселені дипломатиялық жолмен шешпесе соғысқа әкеліп соғуы мүмкін деп алаңдаулы.  

Василий Небензя, Ресейдің БҰҰ жанындағы тұрақты өкілі: 

- АҚШ пен оның одақтастары тәуелсіз елдің билігіне қарсы әскери операция бастау туралы райынан қайтады деген үміттеміз. Бұл егемен елге ашықтан ашық сес көрсету. Сирияда біздің әскеріміз бар. Оларды жергілікті биліктің өтініші бойынша кіргізгенбіз. Сондықтан жағдай мәз емес.  

Айта кетейік, қазір Ресейдің әскери полициясы Сирияның Дума қаласына кірді. Олар лаңкестерден азат етілген шаһардың тыныштығын күзетіп, қауіпсіздігін қадағаламақ. Бұл туралы ресми Мәскеу мәлімдеді. 

Еске сала кетейік, Думада химиялық қару қолданылды деген ақпарат тарағаннан кейін «Джейш аль-Ислам» лаңкестері қаладан кетуге келісім берді. Қазірде Шығыс Гутадан олардың соңғы адамдары шығып жатыр. Жергілікті билік өкілдерінің хабарлауынша, аймақтағы жағдай тұрақталған.

Дереккөз: 24.kz

13 сәуір 2018, 14:59

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.