Атырау, 29 қараша 22:54
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -3
$ 513.00
€ 541.16
₽ 4.69

​Ильхам Әлиев 86,3 пайыз халықтың қолдауына ие болған

2 445 просмотра


Әзербайжан халқы мемлекет басшысын таңдады. Кеше кешкісін дауыс беру аяқталғаннан кейін сайлаудың алдын ала қорытындылары дайын болды. Елдің орталық сайлау комиссиясы жариялағандай, дауыс берушілердің 86 пайыздан астамы қазіргі президент Ильхам Әлиевті қолдаған.

Кеше сайлау аяқталғаннан кейін әлеуметтік сауалнама қорытындысы бойынша Ильхам Әлиевтің қарсыластарынан алда келе жатқандығы мәлімделді. Осыған байланысты билеуші партия баспасөз мәслихатын өткізіп, өз кандидатының жеңіске жеткенін жариялады. Бүгін Орталық сайлау комиссиясы жергілікті уақытпен сағат 13:00 де барлық сайлау учаскелерінің есебін қабылдауды аяқтады. Сайлау нәтижесі бойынша Ильхам Әлиев 86,3 пайыз халықтың қолдауына ие болғандығы белгілі болды. 

Мазахир Панахов, Әзірбайжан Орталық сайлау коммисиясының төрағасы: 

– Сайлаушылардың белсенділігі 74, 30 пайызды құрады. Дауыс беруге 3 миллион 900 мыңнан астам адам келген. Қазіргі уақытта барлық сайлау учаскелері есеп беріп болды. Дауыстардың 99,6 пайызы жарамды деп саналады.

Орталық сайлау коммисиясы төрағасының мәліметінше, сайлау кезінде ешқандай заңбұзушылық тіркелмеген. Ал желіде ереже бұзылды деп тараған видеотексерістен кейін негізсіз екені анықталды. Президент сайлауына барлығы 900-ге жуық халықаралық бақылаушы жұмылдырылған. Олардың қатарында қазақстандық делегация да бар. Тараптар дауыс беру республиканың заңнамасына сәйкес өткенін айтып отыр. 

Ержан Исакұлов, Түркі кеңесінің өкілі: 

– Барлық учаскелерде сайлау бірқалыпты өтті. Сайлау комиссиясының мүшелері жұмысты тиянақты атқарды. Әзербайжан халқы өте белсенді түрде қатысып, өз таңдауларын жасады. Дауыс берушілердің 80 пайыздан астамы қазіргі президент Ильхам Әлиевті таңдады. 

Бұл президент сайлауы бұрынғыдан өзгерек. Себебі мемлекет басшысы бұрынғыдай бес жылға емес, жеті жылға сайланды. Яғни жаңашылдық 2016 жылы Конституцияға енгізілген өзгерістерден кейін жүзеге асты. Нақты айтқанда, қазан айынан сәуірге көшірілген болатын.

Дереккөз: 24.kz

13 сәуір 2018, 14:36

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.