Австралия-Қытай қарым-қатынасына соңғы бірнеше айда «аязды күндер» орнады. Тіпті, Австралия министрлеріне Қытай визалары берілмеуде, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі CNN басылымына сілтеме жасап.
Өткен жылдың ақпанында Тернбулл Үкіметі бірнеше жаңа заң қабылдаған. Оның қатарында Австралия қауіпсіздігі мен сайлау мәселесіне қатысты қатаң бақылау орнату заңы да бар. Шетелдіктердің құқығын шектеген бұл заң Қытаймен қарым-қатынасын бірден суытты.
«Австралия мен Қытай арасындағы қарым-қатынас күн санап ушығып барады. Біздің елдің саяси іс-шараларына тек австралиялықтардың араласуы заңды нәрсе, оған Қытай қол сұға алмайды», - деді Тернбулл.
Қытай Австралияның ірі сауда әріптесі, бірақ былтырғы жылдан бері екі мемлекет саяси сұрақтар бойынша және адам құқықтары мәселесі және АҚШ-пен одақтасу туралы шешімдерімен келісе алмай, дауласуда. Тернбулл Қытай төрағасы Си Цзиньпинмен үнемі хат алмасып тұратынын да айтты.
Айта кетерлігі, осы аптада Австралия БАҚ өкілдері Пекин оңтүстік Тынық мұхитындағы Вануату аралының Үкіметімен байланыс орнатып, келісімшарт жасап жатқанын хабарлаған болатын. Яғни, Австралия жағалауынан 2500 шақырым жерде орналасқан аралға Қытай тұрақты әскери базасын салуды қолға алған.
Дегенмен, Вануату аралы мен Қытай Үкіметі бұл ақпаратты бірден жоққа шығарды. Ал Қытай Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Генг Шуан Австралияны «дау тудырушы» деп айыптады.
«Тынық мұхитындағы арал мемлекеттер өзге елдердің ықпалына ұшырап өмір сүрмеуі тиіс. Австралия ешкімнің ішкі саясатына қол сұға алмайды», - деді Шуан.
Тернбулл былтырғы жылы енгізген заңдардың мазмұнына тоқталды. Австралия Үкіметінің шешімімен, енді шетелдіктер австралиялықтар үшін саяси мақсатта қаржылай көмек бере алмайды. Австралия билігі мен сайлау процестеріне шетелдіктер қатысқан жағдайда, қылмыстық жауапкершілікке тартылады.
Бұған дейін Пекин-Канберра бизнесмендерімен тығыз қатынас орнатып, екі тарап үшін ірі қаржылық көмек білдірген сенатор Сэм Дестиари қызметінен кетті.
Тернбулл жаңа заңнамалар белгілі бір елді көздемейді деп мәлімдегенімен, елдегі сарапшылар бұл заңдарды «анти-қытайлық» деп атады.
«Австралия суық соғыс саясатын ұстанған емес, сондықтан ескерту айтқызбай, Қытай тарапы жұмыс істеуге дайын екендерін білдіреді деген сенімдеміз», - деді премьер-министр.
Дереккөз: Baq.kz