Атырау, 20 қыркүйек 14:29
 дождьВ Атырау +21.2
$ 446.56
€ 512.34
₽ 5.30

Ресейде ұшақ апатқа ұшырады

2 462 рет қаралды


Ресейдің Воронеж облысында екі ұшқышы бар Як-130 оқу-әскери ұшағы құлады. Бұл жайлы ТАСС РФ Қорғаныс министрлігіне сілтеме жасап хабарлады.

Оқыс оқиға 09:40-та Краснодар жоғары әскери авиация училищесі авиабазасының жоспарлы оқу-жаттығулары кезінде Борисоглебск қаласында болған. Ұшқыш-конструктор мен курсант катапульта жасап, жерге сәтті қонған, аэродроммен өздері байланысқа шыққан. 

Олар зардап шекпеген. Арнайы комиссия жасақталып, оқиғаның мән-жайы тексеріледі.

Дереккөз: inform.kz

12 сәуір 2018, 16:16

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.